Жаңалықтар
- Қаралды: 121
12.06-23.06.2023 ж аралығында Жетісу облысының әдіскерлеріне арналған "TALAP" КЕАҚ ұйымдастырып отырған "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әдіскерінің қызметін жетілдіру" тақырыбында біліктілігін арттыру курсы "Талдықорған аграрлық - технологиялық колледжі" ШЖҚ МКК -да өтуде. Облыстан 19 әдіскер өз біліктілігін арттырып, штаттан тыс тренер Жаңылхан Темірханқызынан әдістемелік қызметіінің инновациялық әдіс-тәсілдері мен прициптерін үйренуде.
- Қаралды: 115
2023 жылғы 9 маусымда Тіл сарайында Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты облыстық байқауы өтті. Шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген белсенді азаматтарды ынталандыру.
- Қаралды: 126
Алакөл көпсалалы колледжінде «Нашақорлық - ғасыр індеті» тақырыбында таңғы жиын өтті.
Мақсаты: Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ХХІ ғасыр - есірткісіз ғасыр, «Есірткіге жол жоқ!» және плакаттар.
Нашақорлық - бұл адам баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек.
- Қаралды: 112
25 – 27 мамыр аралығында Жетісу облысы агро-техникалық колледжінде өткен облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының колледж педагогтері арасында баскетболдан облыстық спартакиада жарысында Алакөл көпсалалы коледжінің педагогтерi жүлделі - III орынды иеленді.
- Қаралды: 137
Алакөл көпсалалы колледжінде ағымдағы жылдың 5 мамыр күні «7-мамыр Отан қорғаушылар күніне» арналған таңғы жиын өткізілді. Жиын ҚР мемлекеттік гимін орындалуымен басталды. Отан қорғаушылар мерекесіне орай таңғы жиынды колледж директоры Каримов Мұхтар Әлібекұлы ашып, белсенді білімгерлерді мараптттап, отан қорғау әрбір адам үшін қашанда қасиетті борыш саналған және солай болып қала бермек екендігін тағы бір мәрте еске сала отырып,
- Қаралды: 218
04.05.2023 жылы Алакөл көпсалалы колледжінде 7 – мамыр «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай Сеитказинова А.Е. және Калиханова Ж.А. топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ұранды ердің — ұрпағы қайсар» атты тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
- Қаралды: 105
02.05.2023 жылы Жетісу облысы, Талдықорған қаласы Жоғары политехникалық колледжінде өткен облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының колледж студенттері арасында шағын футболдан облыстық «Ұлттық спорттық лига» жарысы өтті. Осы жарыста Алакөл көпсалалы коледжінің студенттері жүлделі-II орынды жеңіп алды. Дене тәрбиесі пәні оқытушылары: Байкал Б.Б., Бисалиев К.У. Жарыс өте тартысты, жоғарғы деңгейде өтті.
2023 жылдың 07 сәуірінде Талдықорған сервис және технология колледжінің құзыреттілік орталығы базасында Жетісу облысының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Тағам дизайнының заманауи өнері» тақырыбында MasterSkills облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. MasterSkills мақсаты: педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін көрсету және оны одан әрі жетілдіру. Шебер-skills кәсіби түрдегі достық жағдайда өтті. Байқауға қатысушылар ыңғайлы, жақсы ұйымдастырылған жағдайда жұмыс істеді. Алаңның материалдық-техникалық жабдықталуы тамақ дайындаудың әртүрлі техника-технологиялық әдістерін қолдануға мүмкіндік берді.
- Қаралды: 156
«Менің болашағым – менің мамандығым» - осындай ұранмен 14-ші сәуір күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 2-3 курс студенттерінің арасында «Үздік аспаз» World Skills колледжішілік чемпионаты өтті. Байқау мақсаты: шығармашылық бастаманы дамыту және қолдау, дұрыс тамақтануды насихаттау және жалпылау, білім алушылар арасында өз мамандығының үздігін таныту, аталған мамандықтың беделін көтеру, тәлімгерді анықтау және қолдау көрсету мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру бағытын көздеу, сонымен қатар қоғамдық тамақтану саласындағы болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Байқауға арналған тапсырма World Skills стандарттарын ескере отырып әзірленді.
2023 жылдың 3 наурызында Талдықорған сервис және технология колледжінің құзыреттілік орталығы базасында Жетісу облысы колледждерінің білім алушылары арасында WorldSkills стандартын ескере отырып, облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Облыстық кәсіби шеберлік байқауының мақсаты - WorldSkills Taldykorgan өңірлік чемпионатына одан әрі қатысу үшін «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша үздік білім алушыларды анықтау болып табылады.
- Қаралды: 134
23.02.2023 Алакөл көпсалалы колледжінің биология пәні оқытушысы Сабырова М.Е ашық сабақ өткізуінен көрініс. Тақырыбы: Дәрумендердің керемет күші. Мақсаты: Дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін әсері.
- Қаралды: 158
22.02.2023 Алакөл көпсалалы колледжінің оқытушылары: Жылқыайдарова Ж.С., Нурмухамбетов С.Т., Күзембаева Ж.Н., Бекмурзанов А.М., Ускембаев Д.М., Сагумжанов А.Е., кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша «Еңбекші» және «Жанама» қазақ орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына және Көлбай және Үшқайың қазақ орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына мамандықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
- Қаралды: 118
22.02.2023 Алакөл көпсалалы колледжінің тарих жане жаратылыстану пәндері он күндігінің оқытушылары аудандық кітапхана меңгерушілерімен бірлесе Абылай ханның 310 және Абілхайыр ханның 330 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
- Қаралды: 122
20.02.2023 Алакөл көпсалалы колледж студенттеріне «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» яғни зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оларды болдырмау, бопсалау әрекетін, бөтеннің мүлкін ұрламау қылмыстарының алдын алу тақырыбында ювеналды полиция тобынын инспекторы, полиция аға лейтенанты Жармухамбетов Елдар Байсұңқарұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
- Қаралды: 126
2023 жылдың 15 ақпан айында Ауған соғысының аяқталуына 33 жыл толуына орай Алакөл көпсалалы колледжінде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш шараның басты мақсаты - жас ұрпаққа өз отанын сүюге тәрбиелеу, және қазақстандық қоғамның тұрақтылық, бірлік және төзімділік сияқты басты құндылықтарды сіңіру.
- Қаралды: 153
Алакөл көпсалалы колледжінде 10.02.2023 жылы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны» атты поэзия кеші өтті. Хантәңірінің мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың 92- жылдық мерейтойына арналған поэзия кешіне Колледж жатақхана тәрбиешісі: Сембаева Кулімхан Түсенқызы Кітапхана менгерушісі: Джанибекова Шолпан Сқақбекқызы және Жастар ісі-жөніндегі инспектор: Естемес Айгерім Нұрланқызы ұйытқы болды.
- Қаралды: 111
2023 жылдың 09 ақпан күні Білім беру ұйымдарындағы жасөспірімдер тәрбиесі бойынша Алқа мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың және суидцидтің алдын алу және тәрбие жұмысының өзекті мәселелері қаралды. Жиын барысында қарастырылған мәселелерді шешу үшін көптеген ұсыныстар талқыланып, олардың орындалуына нақты тапсырмалар берілді.
- Қаралды: 125
08.02.2023 жылы орыс тілі пәнінің оқытушысы Бердибаева А.Н ұйымдастыруымен» Туысқан рухтар» С.Есенин мен М.Мақатаев шығармашылығына арналған поэзия кеші өткізілді.
Алакөл көпсалалы колледжінің студенттеріне 06-ақпан күні Алакөл аудандық кірістер басқармасының бөлім басшысы: Жиенбай Дәулет студенттерге салық төлеу түрлерін таныстыру жұмыстарын жүргізді. Кірістер басқармасының мамандары студенттерге салық төлеу сауаттылығын арттыру мақсатында кездесу өтті.
- Қаралды: 137
2023 жылғы 23 қаңтар мен 02 ақпан аралығында колледжіміздің өндірістік о/ш Мишенин Роман Геннадевич «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы құзыреттілік орталығында облыстық колледждердің өндірістік оқыту шеберлеріне «WorldSkills қозғалысының кәсіби стандарттарын «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының білім беру процесіне енгізу» тақырыбында 72 сағат көлемінде облыстық тағылымдамасынан өтті!
РУС
ENG
КАЗ