04.05.2023 жылы Алакөл көпсалалы колледжінде 7 – мамыр «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай Сеитказинова А.Е. және Калиханова Ж.А. топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ұранды ердің — ұрпағы қайсар» атты тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
РУС
ENG
КАЗ