Тарихи анықтама
Алакөл көпсалалы колледжі Жетісу облысының ең көне оқу орындарының бірі, өзінің даңқты жылнамасын 1973 жылдың желтоқсан айынан бастап жүргізіп келеді. Мыңдаған түлектер өздерінің тұрақтылығы мен үйлесімділігі арқылы ерекшеленетін инженерлік-педагогикалық ұжымның махаббатын, жылуын, кәсіби білімдері мен іскерліктерін өздерімен бірге алып кетеді.
Тарихи хронология
- Талдықорған облыстық кәсіптік-техникалық басқармасының 1973 жылғы 25 желтоқсандағы №143 бұйрығының негізінде №122 Үшарал Ауылшаруашылық кәсіптік -техникалық училищесі құрылды.
- 2008 жылы 16 мамырда №102 қаулысына сәйкес Ушарал қаласындағы №5 кәсіптік мектеп мемлекеттік мекемесі Алакөл ауданы Ушарал қаласындағы №5 кәсіптік лицей мемлекеттік мекемесі болып құрылды.
- 2013 жылы 15 мамырда Алматы облысының әкімдігінің №138 қаулысына сәйкес «№5 кәсіптік лицей» МКҚК «Алакөл гуманитарлық -техникалық колледжі» болып ауыстырылған
- 2023 жылы 30 қаңтада Жетісу облысы әкімдігінің №7 қаулысына сәйкес «Алакөл гуманитарлық -техникалық колледжі» МКҚК «Алакөл көпсалалы колледжі» МКҚК болып қайта аталды.
Қазіргі таңда колледж директоры Садиева Айнагуль Тезекбаевна.
Колледждің материалдық техникалық базасы:
- Колледждің материалдық – техникалық базасы қазіргі заман талабына сай. Колледжде 3 қабатты типтік оқу ғимараты мен 5 қабатты 500 орындық жатақханасы бар. 17 оқу кабинеті, 2 компьютерлік кабинеті, 3 зертхана, 7 өндірістік цех, 1 аспазшылар лабораториясы, жүргізушілердің жаттығу тренажерлары орнатылған 2 лабораториясы, спортзалы, акт залы , психологиялық қызмет көрсету кабинеті, дәрігерлік бөлме, кітапхана, сонымен қатар 250 оқушыға арналған асхана және оқушылардың өндірістік іс –тәжірибеден өту үшін суғармалы 40 гектар жері бар.
Оқытушылардың сапалық құрамы:
Білім ордасында 49 инженер-педагог білім береді, оның ішінде 10 арнайы пән оқытушысы, 15 өндірістік оқыту шебері, 1 аға шебер, 23 жалпы пән оқытушылары. Инженер педагогтардың 39 жоғары білімді, 2 оқытушы магистр.
- Педагог-модератор -12;
- Педагог-сарапшы - 1;
- Педагог-зерттеуші - 2.
РУС
ENG
КАЗ