2023 жылғы 9 маусымда Тіл сарайында Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты облыстық байқауы өтті. Шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген белсенді азаматтарды ынталандыру.
Байқауға аудан, қалаларда іріктеуден өткен 10 үміткер – мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарында (ХҚКО, «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы», банк, нотариус, және т.б салалар) қызмет атқаратын, 18-35 жас аралығындағы этнос өкілдері бақтарын сынады.
Байқауда Жетісу облысы «Amanat» партиясының төрағасының орынбасары – А. Досмұхамбетов, Жетісу облыстық этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің меңгерушісі – Ю. Станиславна, Жетісу облысының «Жетісу Вестник» газетінің бас редактордың орынбасары Ж. Атибаева байқауға қазылық етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша колледж білімгері Данияров Юрий 30 000 теңге ынталандыру сыйлығын иеленді!
Құттықтаймыз!
РУС
ENG
КАЗ