eCollege
AGTK - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
ALAKOL COLLEGE
"Алакөл көпсалалы колледжі" МКҚК
eCollege
AGTK - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
ALAKOL COLLEGE
"Алакөл көпсалалы колледжі" МКҚК
AA+

2023 жылдың 15 ақпан айында Ауған соғысының аяқталуына 33 жыл толуына орай Алакөл көпсалалы колледжінде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш шараның басты мақсаты - жас ұрпаққа өз отанын сүюге тәрбиелеу, және қазақстандық қоғамның тұрақтылық, бірлік және төзімділік сияқты басты құндылықтарды сіңіру.

Кездесуге ауған соғысы ардагерлері арнайы пән оқытушысы Кунанбаев К.Ж және Мусауов К.С шақырылды. Кездесу барысында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шаяхметов Б.Н қонақтарды таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Ауған соғысы ардагерлері майдан даласындағы күндерін еске алып, елге оралғаннан кейінгі әр күні қорқынышқа толған өмірлері туралы әңгімелеп, студенттердің зиянды әдетке әуес болмай, Отанын сүйер азаматтары болуға шақырды. Студенттер күмбірлеген күй ойнап, патриоттық әндерін шырқап кеш қонақтарына өз алғыстарын білдірді.