Алакөл көпсалалы колледжінде ағымдағы жылдың 5 мамыр күні «7-мамыр Отан қорғаушылар күніне» арналған таңғы жиын өткізілді. Жиын ҚР мемлекеттік гимін орындалуымен басталды. Отан қорғаушылар мерекесіне орай таңғы жиынды колледж директоры Каримов Мұхтар Әлібекұлы ашып, белсенді білімгерлерді мараптттап, отан қорғау әрбір адам үшін қашанда қасиетті борыш саналған және солай болып қала бермек екендігін тағы бір мәрте еске сала отырып,
ата-бабаларымыздың ерлігі туралы дастандар мен аңыздар дәстүрлі түрде туған жерге деген риясыз сүйіспеншіліктің жарқын мысалы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Тек қана қуаныш пен бақыт ұялата білуіміз керек, себебі біз ұлы елдің қызы мен ұлдарымыз деп жылы лебізін білдірді. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
РУС
ENG
КАЗ