20.02.2023 Алакөл көпсалалы колледж студенттеріне «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» яғни зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оларды болдырмау, бопсалау әрекетін, бөтеннің мүлкін ұрламау қылмыстарының алдын алу тақырыбында ювеналды полиция тобынын инспекторы, полиция аға лейтенанты Жармухамбетов Елдар Байсұңқарұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты:
1. Студенттердің адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.
2. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.
3. Студенттердің саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.
РУС
ENG
КАЗ