Алакөл көпсалалы колледжінде 10.02.2023 жылы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны» атты поэзия кеші өтті. Хантәңірінің мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың 92- жылдық мерейтойына арналған поэзия кешіне Колледж жатақхана тәрбиешісі: Сембаева Кулімхан Түсенқызы Кітапхана менгерушісі: Джанибекова Шолпан Сқақбекқызы және Жастар ісі-жөніндегі инспектор: Естемес Айгерім Нұрланқызы ұйытқы болды.
Поэзия кешінің мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, поэзияны сүю, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу, студенттер қауымының әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту. Кеш барысында студенттер ақын шығармашылығындағы махаббат сезімінің көпқырлылығын тарқатып, Отанға, өмірге, анаға, сүйіктісіне деген махаббатты ақын көзқарасымен танып білді. Студенттеріміз ақын өлеңдерін оқып, ақынға арнауларын айтып, жырдан өрнек өрді. Шара барысында студенттер ақын шығармашылығы арқылы өздерінің поэзияға деген сүйіспеншілігін ұштады. Сондай-ақ, Колледж жатақхана тәрбиешісі: Сембаева Кулімхан Түсенқызы және Кітапхана менгерушісі: Джанибекова Шолпан Сқақбекқызы Мұқағали шығармаларына арнаған еңбектерінің видио-ролик топтамаларын көрсетті. Сонымен қатар Колледжіміздің музыка жетекшісі: Ақылжан Айтжанұлы «Күрен күз» әнін орындады.«Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны» атты поэзия кешінің мақсаты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын студенттер жүрегіне ұялатуды, олардың ақындық өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды көздеді. Кеш барысында студенттер рухани-адамгершілік тұрғысынан байып, поэзия сүйер жастардың шығармашылқ пен айналысуына шабыт сыйлады, – деді Колледжіміздің тәрбие жұмысы –жөніндегі орынбасары: Шаяхметов Байкал Нығыметұлы.
РУС
ENG
КАЗ