Алакөл көпсалалы колледжінде «Нашақорлық - ғасыр індеті» тақырыбында таңғы жиын өтті.
Мақсаты: Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ХХІ ғасыр - есірткісіз ғасыр, «Есірткіге жол жоқ!» және плакаттар.
Нашақорлық - бұл адам баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек.
Жастар ісі-жөніндегі инспектор: Естемес.А.Н. «Нашақорлық-ғасыр індеті» тақырыбында студенттерімізге баяндама оқыды.Директордың тәрбие жұмысы-жөніндегі орынбасары: Шаяхметов.Б.Н. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.
Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық» деп «Нашақорлық-ғасыр індеті» тақырыбында таңғы жиынды қортындылады.
Жастар ісі-жөніндегі инспектор: Естемес.А.Н.
РУС
ENG
КАЗ