«Менің болашағым – менің мамандығым» - осындай ұранмен 14-ші сәуір күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 2-3 курс студенттерінің арасында «Үздік аспаз» World Skills колледжішілік чемпионаты өтті. Байқау мақсаты: шығармашылық бастаманы дамыту және қолдау, дұрыс тамақтануды насихаттау және жалпылау, білім алушылар арасында өз мамандығының үздігін таныту, аталған мамандықтың беделін көтеру, тәлімгерді анықтау және қолдау көрсету мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру бағытын көздеу, сонымен қатар қоғамдық тамақтану саласындағы болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Байқауға арналған тапсырма World Skills стандарттарын ескере отырып әзірленді.
Студенттерге қойылған басты талап – жеке гигиенаға мән беру, жұмыс орнының тазалығы, астың жасалу жолы, тағам қалдығы, уақыт бойынша үлгерімі, температура, міндетті компоненттерді қолдану. Одан бөлек, әлбетте дайындалған тағамдардың сапасы, ұйымдастырылуы, құрамының сақталуы, ұқыптылығы, тағамның дәмі, түрі басты назарда болды. Артынша қатысушыларға тапсырма сипаттамасы, ингредиенттер, жабдықтар жазылған арнайы нұсқаулық үлестірілді.
Байқау 4 модульден тұрды,қатысушылар берілген модульдің өнімін дайындады.Бағалау объективті және субъективті түрде жүргізіліп, сарапшы топтар максималды 5 баллмен бағалады.Байқаудың әр кезеңінде қатысушылар өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Байқау кезеңдерінің тапсырмаларды орындау арқылы білімі мен кәсіби шеберлігі бағаланды.
Нәтижесінде:
Барлық тапсырма бойынша шапшаңдығы, білімі мен тәжірбиесін көрсете білген:
І орын - 23 топ студенттері
ІІІ орын- 13 топ студенттері орындарымен марапатталды!
Қатысқан студенттерге алдағы уақытта кәсіби тәжірибелерін сәтті қорғауды және кәсіби жетістіктерді тілейміз!
РУС
ENG
КАЗ