eCollege
AGTK - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
ALAKOL COLLEGE
"Алакөл көпсалалы колледжі" МКҚК
eCollege
AGTK - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
ALAKOL COLLEGE
"Алакөл көпсалалы колледжі" МКҚК
AA+

Бүгін Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжінде Тәуелсіздігіміздің 31-жылдығына арналған «Желбірей бер Көктуым» атты мерекелік акциясы өткізілді.

Шараға колледж директоры Каримов Мұхтар Әлібекұлы, оқу орнымыздың ардагер ұстазы Нүсіпбеков Болат Нүсіпбекұлы, колледж ұжымы және де студенттер қатысты. Іс-шара шымылдығы Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Концерттік бағдарлама колледжіміздің өнерлі студенттерінің қатысуымен әзірленді. Шара барысында, қоңыр дауысты студенттеріміз «Тәуелсіздік» тақырыбында өлең оқып, 41-топ студенті Мұаметбай Дәулетбайдың «Қазақ қызы» әні және колледжіміздің музыка жетекшісі Ақылжан Айтжанұлының «Көк тудың желбірегені» әні көпшілік қауымның ерекше көңілінен шығып, белсенді студенттеріміз «Желбірей бер көк туым» атты флешмоб билеп көрермендерге патриоттық рух сыйлады. Іс-шара соңында колледж диреткоры Каримов Мұхтар Әлібекұлы колледж ұжымын құттықтап, мерекеліп мараптпен сыйлықтар табыс етті! Сөз соңында Мұхтар Әлібекұлы «Тәуелсiздiгiмiздi көздiң қарашығындай сақтап, мемлекетiмiздi нығайта беру үшiн бiзге ең әуелi бiрлiк қажет» дей келе колледж ұжымын, білімгерлерін алдағы уақытта да дәл қазіргідей, тату-тәтті, білек сыбана, бірлікте қызмет атқаруға шақырды. Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 31-жылдығына арналған «Желбірей бер көк туым» атты мерекелік акциямыз өз мәресіне жетті. Тәуелсіздік құтты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың  еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болғай!

________________
Мекен-жайымыз:
Жетісу облысы, Алакөл ауданы,
Үшарал қ., Дулепова 18
8 (723) 32-91-88
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
www.agtk.edu.kz

________________
Мекен-жайымыз:
Жетісу облысы, Алакөл ауданы,
Үшарал қ., Дулепова 18
8 (723) 32-91-88
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
www.agtk.edu.kz
________________
#AGTK