Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының мамандарымен «Сулы батпақты алқаптар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Дөңгелек үстел барысында сулы батпақты алқаптар - тұщы сулармен тұзды сулармен және қаныққан ортада өмірге бейімделген ерекшеліктермен қамтылған жерлер және сулы батпақты жерлердің негізгі түрлері
және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері туралы студенттерімізге мағұлматтар берілді. Сулы батпақты алқаптар тақырыбында дөңгелек үстелге Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының экология ағарту бөлімінің музей меңгерушісі Арапова Салтанат Мұратқызы және бөлім маманы Тыныштықов Ернар Ерікұлы, колледж ұжымы мен білімгерлері қатысты. Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды. Табиғат тіршілік көзі.
РУС
ENG
КАЗ