eCollege
AGTK - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
ALAKOL COLLEGE
"Алакөл көпсалалы колледжі" МКҚК
eCollege
AGTK - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
ALAKOL COLLEGE
"Алакөл көпсалалы колледжі" МКҚК
AA+

2022 жылдың маусым айының 06 жұлдызында «ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ МҮМКІНДІКТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» тақырыбындағы колледжішілік тәжірибе алмасу семинары өтті.

Мақсаты: Интернет желісі арқылы түрлі платформаларды сабаққа тиімді пайдалану.
Арнайы пән оқытушысы Жылқыайдарова Жадыра Санатқызы Kahoot платформасының мүмкіндішілктерін айтып өтті. Мақсаты: Kahoot платформасын оқу процесінде қолдану тиімділігі түсіндіру. Жалпы пән оқытушысы Сламбай Айсұлу Сауқынқызы «Жаңартылған бағдарлама аясында цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану» тақырыбында өз жұмысын қорғап шықты. Мақсаты: Жаңартылған білім беруде ақпараттық технологияларды енгізу барысында тәжірибе алмасу.3-ші болып жалпы пән оқытушысы Айнира Рамазанова Еркеқалиқызы LearningApps.org бағдарламасының мүмкіншіліктерін айтты. Басқа платформалармен салыстыра отытрып слаид арқылы көрсетті. Соңғы тәжірибесімен бөліскен информатика пәнінің оқытушысы Э.М. Райханова болды. Эльмира Мусатаевна өзінің сабақатарына қолданып жүрген Padlet тақтасымен Flippity  бағдарламасын көрсетті. Колледж әдіскері Э.Райханова семинарды қорыта келе, платформамен оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы педагогтеріміз бен білім алушыларымыз түрлі ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге,  ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алатындығын айтты. Бағдарламамен оқытуды күрделі процесс деп санамауымыз қажет, қазіргі білім беру ресурстарының болуы материалды зерттеуді ұйымдастыруда және оның дамуын бақылауда педагогтың міндеттерін жеңілдетуге арналған екендігін естеріне сала кетті.