31.05.2022 ж Алакөл гуманитарлық - техникалық колледж студенттерімен Үшарал қаласында орналасқан Даңқ аллеясында саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
«Тарихымыздың ащы тағылымы оны Қазақстанның қазіргі ұрпағының жадына тоқып, зердесіне түйе білуімен құнды болмақ. Сондықтан Қазақстандағы әлеуметтік бірлік пен ұлтаралық келісім, елдің тұрақты экономикасы мен биік халықаралық абырой-беделі халқымызды ХХ ғасырда бастан кешкен зобалаңдардан сақтай білетін сенімді кепіл болып саналады. Өткен ғасырдың қасіретті кезеңдерін енді ешқашан қайталамау үшін біз бұл жетістіктерді бағалай білуге тиіспіз». Осы жиында Дарханбаева Анар Жаханбайқызы өзінің баяндамасымын оқыды. Қалалық библиограф Бодауова Айгуль қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған кітаптарымен таныстырып,оқуға кеңес берді.
РУС
ENG
КАЗ