eCollege
AGTK - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
ALAKOL COLLEGE
"Алакөл көпсалалы колледжі" МКҚК
eCollege
AGTK - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
ALAKOL COLLEGE
"Алакөл көпсалалы колледжі" МКҚК
AA+

2023 жылдың 09 ақпан күні Білім беру ұйымдарындағы жасөспірімдер тәрбиесі бойынша Алқа мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың және суидцидтің алдын алу және тәрбие жұмысының өзекті мәселелері қаралды. Жиын барысында қарастырылған мәселелерді шешу үшін көптеген ұсыныстар талқыланып, олардың орындалуына нақты тапсырмалар берілді.

Алқа мәжілісіне облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, облыстық психикалық денсаулық орталығының наркология бөлімі, облыстық психикалық орталығы, «Жанұя» отбасын қолдау орталығы қоғамдық қорының және облыстық аналар кеңесінің өкілдері көтерілген мәселе бойынша сөз қозғады.

Іс-шараға 250-ге жуық аудандық, қалалық бөлім басшылары, мектеп және колледж әкімшілігі, білім беру ұйымдарының әкімшілігі, мектеп психологтері мен ата-аналар қатысты.