Алакөл гуманитарлық – техникалық колледжінде бүгінде №49 сайлау учаскесінде сайлау күні аяқталды. Сайлаушыларға дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалды.
Әрбір азамат өзінің азаматтық ұстанымын көрсете отырып, қаламыздың болашағына үлес қоса білді. Сайлау процесіне қатысушылардың денсаулығының қауіпсіздігі үшін барлық санитарлық нормалар сақталды. Дауыс беру ашық, белсенді және объективті тиісті ұйымдастырушылық деңгейде өтті, ешқандай заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Тұрғындардың белсенділігі мен позитивтілігі жоғары дәрежеде болды. Сонымен қатар алғашқы болып дауыс берген қала тұрғынымызға, ауданымыздағы жасы үлкен қарияға, 500-жүзінші дауыс берген апамызға, аудан бойынша ең белсенді қариямызға,18 жастағы дауыс берушіге арнайы сыйлықтар табысталды. Барлықтарыңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!
РУС
ENG
КАЗ