eCollege
AGTK - is a place where a student accumulates the experience of broad knowledge!
eCollege
AGTK - is a place where a student accumulates the experience of broad knowledge!
EDUCATIONAL INSTITUTION
Alakol multidisciplinary college
AA+

03.06.2022 ж Алакөл ауданы, Үшарал қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты мерекелік іс- шара өтті. Шараға колледж студенттерімен ұжым қатысты.

Мерекелік жиын ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды. Сондай-ақ Алакөл гуманитарлық - техникалық колледжі алғыс хатымен марапатталды! Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы — осы. Тұңғыш Президентіміздің осы нақыл сөзін еліміздің әрбір азаматы жүрек түкпірінде сақтап, әркез жадында ұстап, орындауы қажет. Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


«Жаңа Қазақстан құру жолында тәуекелге бару заңдылық. Сондықтан Президентіміз ең бірінші Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулардан бастап отыр. Мемлекет басшысының бұл бастамасын бүкіл қазақ халқы қолдауда. Ендеше, әрбір қазақстандық референдум аясында өзгеріске ұшырағалы отырған заңдарымызбен терең танысып, ел болашағы үшін дауыс беруі тиіс. Осы ретте баршаңызды 5 маусым күні өтетін референдумда сіздерді белсенділік танытуға шақырамыз!