eCollege
AGTK - is a place where a student accumulates the experience of broad knowledge!
eCollege
AGTK - is a place where a student accumulates the experience of broad knowledge!
EDUCATIONAL INSTITUTION
Alakol multidisciplinary college
AA+

Алакөл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруы мен ағымдағы жылдың 20 маусым күні, Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжінде «Республикалық "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" атты акциясы өткізілді.

Алакөл АПБ-нің ЖПҚБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Старкова Марина Вячеславовна, Алакөл аудандық орталық ауруханасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесіне жауапты маман Әліпбекова Әйгерім Әліпбекқызы, психолог және жастар ресурстық орталығының психолог- маманы Нәбиева Аяулым Мақсұтқызы бірлесіп әйелдерге қатысты жасалатын қылмыстармен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ақпарат берілді. Акцияның басты мақсаты: отбасылық құндылықтарды дәріптеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, оның ішінде әйелдерге қарсы жасалатын құқық бұзушылықтан қорғаудың нысандары, әдістері мен тәсілдері туралы ақпаратты тарату, ақпараттық, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында отбасындағы әйелдерге қатысты жасалатын қылмыстармен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ақпарат берілді. Егер, Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса, онда үнсіз қалмаңыз. Сіз, өзіңіз тұратын мекен-жайыңызға қарасты учаскелік полиция пунктіне, Алакөл АПБ-нің "102" немесе аудандық ПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының 2-22-17 нөмірлеріне хабарласа аласыз!


Естеріңізге Алматы облысы бойынша Талдықорған қаласының "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы" тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсететінін еске саламыз!